USD
USD
USD

Алматыда үшем дүниеге келді

Алматылық жас отбасында үшем дүниеге келді.

Алматыда үшем дүниеге келді
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Алматы қалалық Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, 14 тамыз күні Алматы қалалық перинаталдық орталығының дәрігерлері 21 жастағы жүкті келіншекті қабылдап, босандырып алды. Ол үшемді дүниеге әкелді.

«Сәбилер мерзімінен бұрын 902 грамм, 924 грамм және 916 грамм болып шала туған. Дегенмен дәрігерлер осы екі қыз бен ұл баланың өмірін сақтап қалу үшін қолдан келгеннің бәрін жасады. Дүниеге келген үшем бастапқыда тыныс алу апаратында болды. Күту кезеңі оң динамикасын көрсеткен соң, жаңа туған нәрестелердің жағдайы тұрақталып, жалпы бөлімшеге ауыстырылды. Қазіргі уақытта босанған әйел мен балаларының жағдайы қанағаттанарлық»,- деп хабарлады басқарманың баспасөз қызметінен.

Қазір оқып жатыр

ІІМ шетелдіктерге ЖСН беру кезінде тексерісті күшейтпек

ІІМ

Ақтөбеде 35 жастағы әйелді бұрынғы танысы пышақтап кеткен

Күдікті

Сауд Арабиясына жасалған шабуылдар: СІМ қазақстандықтарға үндеу жасады

СІМ ғимараты

Такси бағасы үш есе қымбаттаған: inDrive-ке ескерту жасалды

такси