USD
USD
USD

Алматыда ұшақтар кешігіп ұшты

  Air Astana әуе компаниясы Алматы-Анталия, Алматы-Сеул, Алматы-Ташкент бағытындағы рейстердің, сондай-ақ Ақтөбе мен Қызылордаға ұшатын ішкі рейстердің кешігу себептеріне қатысты түсініктеме берді.

Алматыда ұшақтар кешігіп ұшты
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Кеше Анталияға ұшуы тиіс Boeing 767 ұшағындағы техникалық ақауға байланысты тізбекті кешігу болған. Салдарынан 223 жолаушы бір тәулік бойы ұша алмады. Соның 166-сы бүгін Түркияға аттанып кетті.

Тілек Әбдірахимов, Air Astana корпоративтік байланыстар бойынша менеджері:

– Бүгінге ауыстырылған кешегі рейс жергілікті уақыт бойынша сағат 10.55-те ұшты. Ал бүгінгі 9:40-қа жоспарланған рейс 12:55-те көкке көтерілді. Әуе кемесінің сыйымдылығы аз кішірек ұшаққа ауыстырылуына байланысты жолаушылардың бір бөлігі ертең Нұр-Сұлтан арқылы, бір бөлігі Алматы-Анталия рейсімен жөнетілді. Өтемақы алу үшін help.air astana.com сайтына хабарласыңыз. Air Astana ұшақтардың кешігіп ұшқаны үшін кешірім сұрайды. 

Қазір оқып жатыр

VI Дүниежүзілік көшпенділер ойындарындағы жеңімпазға қатысты дауға нүкте қойылды

жеңімпаз

Қазақстанның кей өңірінде сифилис инфекциясының таралуы көбейген

Дәрігер

«Центр плова Loft» ісі бойынша сот Ақмола облысы әкіміне жеке қаулы шығарды

блогер соты

Қарағандыда оқ жарақатын алған ер адам мен әйелдің мәйіті табылды

Полиция