USD
USD
USD

Алматыда үш мыңға жуық жүкті әйел Pfizer вакцинасын салдырды

Алматыда соңғы тәулікте 985 адам коронавирусқа қарсы екпе алды. Оның ішінде 1-компонентін 388 адам, 2-компонетін 597 адам салдырды. Бұл туралы қалалық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Алматыда үш мыңға жуық жүкті әйел Pfizer вакцинасын салдырды
Фото: NEGE.kz

Алматы. NEGE. «Өткен жылдың 1 ақпаны мен биылғы 20 ақпан аралығында қалада 1 132 491 тұрғын вакцинаның бірінші компонентін, 1 087 361 адам екінші компонентін салдырған. Оның ішінде 124 585 адамның жасы 60-тан асқан»,- делінген хабарламада.

 Бүгінгі таңда Pfizer вакцинасын 51 964 адам салдырды. Оның ішінде 2 844 жүкті әйел, 11 357 бала емізетін ана және 37 773 жасөспірім бар. 226 873 қала тұрғыны ревакцинациядан өтті.

«Бүгінгі таңда қалада медицина мекемелерінде 119 вакцинация пункті жұмыс істейді. 140 вакцинация бригадасында 520 медицина қызметкері жұмылдырылды» - деп атап өтті Алматы қаласы қоғамдық денсаулық басқармасының баспасөз қызметі.

Қазір оқып жатыр

Жаңа оқу жылы: Қазақстан мектептеріндегі өзгерістер қандай?

оқушылар

Атырау облысында 12 мың орындық 7 жаңа мектеп пайдалануға берілді

Атырау облысы жаңа оқу жылы

Ресей «Байқоңыр» мен әскери полигондарды жалға алғаны үшін Қазақстанға 64,8 млрд теңге төлейді

«Байқоңыр» кешенін жалдау ақысы

Қазақстандықтарға «неке мерзімін ұзарту» туралы жалған хабарлама тарады

хабарлама