USD
USD
USD

Алматыда үш қабатты жезөкшелер үйі анықталды (видео)

Коттедже 15 бөлме мен сауна бар. Ондағы жұмысты екі әкімші бақылап отырған, деп хабарлады деп хабарлайды Polisia.kz.

Алматыда үш қабатты жезөкшелер үйі анықталды (видео)
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. “Stop-трафик” жедел-профилактикалық іс-шарасы барысында полиция қызметкерлері Алматы қаласының Медеу ауданында орналасқан боди-массаж салонын анықтады. Үш қабатты коттеджде 15 бөлме мен сауна бар. Мекемедегі жұмыс барысын екі әкімші бақылап отырды.

– Әкімшілер мен салонда массажист болып жұмыс істейтін тағы 20 қыз ұсталды. Олардың жасы 20-28 жас аралығында. Бұл мекеменің “қызметкерлері” Қазақстанның басқа аймақтарынан келген қонақтар. Олардың жеке басы басқа да бір құқық бұзушылыққа қатысы бар-жоғына тексерілуде. Медеу аудандық полиция Басқармасымен ҚР ӘҚбК-нің 450-бабына сәйкес әкімшілік іс материалдары жинақталды. Көрсетілген салонның иесі де анықталды – ол 34 жастағы Ж.есімді азамат болып шықты. Ол да жауапқа тартылды, – деді Алматы қалалық ПД Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының бастығы Жанат Нұрғалиев.

Қазір оқып жатыр

ЖСДП бензин сапасын бақылауды күшейтуді ұсынды

бензин сапасы

ОСИ төрағалары бұрынғы басшыға тәуелді болып қалуы мүмкін – Смышляева

Екатерина Смышляева

«40 млн теңге материалдық сыйақы алған»: Көлік саласындағы екі шенеунік қамауға алынды

шенеунік ұсталды

Under Armour Қазақстан ұлттық құрамасының жасанды формасын әзірлегендерді анықтауға кірісті

Ұлттық құрама