USD
USD
USD

Алматы тауларында үш әйел адасып кетті

Алматылық үш әйел Көк жайлауға жақын маңда Құмбел шыңында адасып кетті, - деп хабарлайды республикалық жедел-құтқару жасағының баспасөз қызметі.

Алматы тауларында үш әйел адасып кетті
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Қыздар тауға 19 тамызда шыққан. Көк Жайлау арқылы шыңға көтерілгенде Горельник шатқалына апаратын жолды көрсететін тақтайшаны көрген. Содан олар осы жолмен жүруді шешкен, бірақ ол шөпке толған болып шыққан.

Сондықтан қыздар бұрынғы жолмен қайтатын болып, екі сағаттан кейін олар қажет жолды таппай, құтқарушылардың көмек сұраған. Іздестіру жұмыстарына кинологиялық есепті қоса алғанда, жеке құрамның алты адамы жұмылды.

Жедел-құтқару жасағының мәліметінше, қыздар қараңғы болып қалған кезде табылған. Олар жартасқа шығып, қараңғыда өздігінен түсе алмаған екен.

Қазір оқып жатыр

Маңғыстау облысында тағы бір әскери қызметші қаза тапқаны рас па?

сот үкімі

Үндістанда кәмелетке толмаған спортшының арызынан кейін қазақстандық жаттықтырушы іздестірілуде

Мақсат Аязбаев

«Әрбір сарбаз өзін қауіпсіз сезінуі керек»: Қорғаныс министрлігінің жаңа басшысы алғашқы кеңесте не айтты?

Қорғаныс министрі Айдос Мырзахметов

TikTok-та қаза болған сарбаздар туралы жағымсыз пікір айтқан жігіт 10 тәулікке қамалды

Нұрахмет Бердібай