USD
USD
USD

Алматыда ұрлықпен айналысып жүрген күдікті қылмыс үстінде ұсталды

Алматыда ұрлықпен айналысып жүрген күдікті қылмыс үстінде ұсталды, деп хабарлайды Polisia.kz.

Алматыда ұрлықпен айналысып жүрген күдікті қылмыс үстінде ұсталды
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Қалалық криминалдық полиция басқармасының мәліметінше, күдікті Алматының Алатау ауданында ұрлық жасап жүрген. Тапа-тал түсте Ақбұлақ ықшамауданындағы үйлердің біріне “қонақтап” барып, сол жерден әшекей бұйымдар мен жинақтарды ұрлап кеткен. Қаскөйді жедел уәкілдер қылмыс үстінде ұстады. Оның келесі көшеде тұратыны анықталды.

Күдікті қамауға алынды. Оның басқа да ықтимал эпизодтарға қатысы бар-жоғы анықталып жатыр. ҚР ҚПК-нің 201-бабына сәйкес, өзге ақпараттар тергеу мүддесіне орай жариялауға жатпайды.

ҚР Конституциясының 77-бабының 3-тармағының 1-тармақшасына және ҚР ҚПК-нің 19-бабы 1-бөлігіне сәйкес, заңды күшіне енген сот үкімімен белгіленгенге дейін әрбір адам қылмыстық құқық бұзушылық жасауда кінәсіз деп танылады.

Қазір оқып жатыр

Алматыда жүк көліктерінің жүргізушілерін ереуілге шақырған ер адам ұсталды

.

Қазақстан соңғы 15 жылдағы ең мол астықтың бірін жинады

Астық

Қазақстан ірі халықаралық букмекерлік компанияның иелеріне іздеу жариялады

.

Көкшетауда бір ай бұрын әріптесінің мәйітін тапқан сот қызметкерінің өзі өлі табылды

Жол апаты