USD
USD
USD

Алматыда ұрлық жасаумен айналысқан ерлі-зайыпты ұсталды

Алматы полицейлері ұрлық жасаумен айналысқан ерлі-зайыптыны ұстады, деп хабарлайды Polisia.kz.

Алматыда ұрлық жасаумен айналысқан ерлі-зайыпты ұсталды
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Сотқа дейінгі тергеудің осы кезеңінде 50 және 52 жастағы ерлі-зайыпты азаматтар екі рет бөтеннің мүлкін ұрлағаны анықталды.

– Бірінші жағдайда олар Ақсай-2 шағын ауданындағы үйлердің бірінің кіреберісінен велосипед ұрлап кеткен. Жақында тағы да біреудің мүлкін ұрлау дерегі тіркелді. Бұл жолы ерлі-зайыпты бөтен біреудің Macbook-ін ұрлап кетті. Оның үстіне екі ұрлық та бейнекамераға түсіп қалған. Ұсталғандар – Алматы облысының тұрғындары, олар өз кінәларын толық мойындады. Ұсталғандардың жеке басы басқа да ықтимал эпизодтарға қатысы бар-жоғына тексеріліп жатыр, – деді Әуезов аудандық полиция басқармасының бастығы Ұлан Әбілқайыр.

ҚР ҚК-нің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат тергеу мүддесіне орай жария етілмейді.

Қазір оқып жатыр

Ержан Бабақұмаров туралы естелік кітап жарық көрді

Ержан Бабақұмаров

Алматыда ауруханалардың қарызы үш есеге жуық өскен

Ақмарал Әлназарова

Жаңаөзенде төрт тонна мұнай өнімі тәркіленді

Жаңаөзендегі заңсыз мұнай өнімі

Қазақстандықтар бес елде QR-код арқылы төлем жасай алады

qr-төлем жүйесі