USD
USD
USD

Алматыда ұрланған қару жасырылған орын анықталды

Алматыда полиция қызметкерлері тәртіпсіздік кезінде ұрланған қару-жарақ жасырылған орынды анықтады, - деп хабарлайды қалалық комендатураның баспасөз қызметі.

Алматыда ұрланған қару жасырылған орын анықталды
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Ұрланған қаруды Алматы облысының 18 жастағы тұрғыны жасырғаны белгілі болды. Оны Алматы қаласы Наурызбай ауданының полиция қызметкерлері ұстады. Тергеу кезінде жігіт қару сататын дүкендерді тонауға қатысқанын мойындады.

"Ұрланған мылтықтар карьерлердегі жасырын орында сақталғаны анықталды. Қазір оның қаладағы тәртіпсіздіктер кезіндегі басқа да қылмыстарға қатысы бар-жоғын анықтау, заңсыз сақталған басқа да қару-жарақтарды тәркілеу бойынша жедел іс-шаралар кешені жүргізіліп жатыр", - деп мәлімдеді баспасөз қызметі өкілі.

Қазір оқып жатыр

100 млн теңге пара алғаны үшін бұрынғы шенеунік сотталды

Парақор шенеунік

Маңғыстаудағы сарбаздар қазасы бойынша 300-ден астам адамнан жауап алынды – Бас прокуратура

Әскерилер өлімі

Қостанайда қарт кісіні өлтірді деген күдікпен жасөспірім ұсталды

Күдікті пен полицей

Китана «Бүркіт» арнайы жасағына қабылданған алғашқы жауынгер қыз атанды

Китана – Қымбат