USD
USD
USD

Алматыда ұрланған «Хюндай» Шымкент қаласынан табылды

Полицияға «Хюндай» көлігінің ұрланғаны туралы иесі хабарлаған.

Алматыда ұрланған «Хюндай» Шымкент қаласынан табылды
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Әйелдің айтуынша, төрт сағаттың ішінде белгісіз біреу оның «Дарабоз» шағын ауданындағы үйлердің бірінің ауласында тұрған шетелдік көлігін ұрлап кеткен.

«Осы қылмысты ашу мақсатында қалалық криминалдық полиция және Алатау аудандық полиция Басқармасының қызметкерлерінің арасынан тергеу-жедел тобы құрылды. Біз бейнебақылау жүйелерінің мүмкіндіктерін белсенді түрде пайдаландық, оның көмегімен, ең алдымен, көлікті ұрлаған адамның қозғалу бағыты мен нөмірді ауыстыру дерегі анықталды. Күдік тудырмас үшін қаскөй ұрланған көлікке дәл сондай «Хюндай» көлігінің нөмірлерін орнатқан. Жедел іздестіру шараларының тізбегі жедел уәкілдерді Шымкент қаласына алып келді. Күдікті сол жерде ұсталды», — деді, Алматы қалалық полиция Департаменті бастығының орынбасары, полиция полковнигі Дидар Аханов.

Алайда ұсталған адам - 2000 жылы туған К.есімді азамат, жәбірленушінің ұлы шетелдік көлікті ұрлауға «тапсырыс бергенін» айтып, ақталуға асықты. Олар дос болып шықты.

«Біз нақты мән-жайды, қылмыстың себебін анықтайтын боламыз. «Тапсырыс туралы» нұсқа да мұқият тексерілуде. Жастар сақтандыру төлемдерін алу үшін ұрлықты жоспарлаған болуы да мүмкін. Сотқа дейінгі тергеу жалғасуда», - деді, полковник Аханов.

Қазір оқып жатыр

«Біз одан шарап ішеміз»: Кенесарының бас сүйегі туралы айтқан қырғыз студенттері кешірім сұрады

Қырғызстандық студенттер

Жанжал кезінде газ тапаншасынан оқ атқан Астана тұрғыны 5 жылға сотталды

тапанша

Іле-Балқаш резерватына бір үйір құлан жіберілді

Іле-Балқаш резерватына жіберілген құландар

Астанада қыз баланың үстіне құрылыс қоршауы құлады

Астанада баланың үстіне құлаған қаңылтыр