USD
USD
USD

Алматыда үнді фильмі түсіріліп жатыр

Алматыда Gaalipata-2 үндістандық фильм түсірілімі өтіп жатыр. Екі студент арасындағы махаббатты көрсететін фильмнің екінші маусымы мегаполистің ең әдемі жерлерінде түсіріледі.

Алматыда үнді фильмі түсіріліп жатыр
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Телеарна мәліметіне сүйенсек, "Gaalipata-2" романтикалық комедияның жалғасы. Бірақ екінші бөлімдегі көріністердің жартысына жуығы Алматы мен Алматы облысында түсіріледі.

Фильм режиссері Йогарадж Бхат көрерменге Қазақстан табиғатынының бар сұлулығын көрсету үшін ең әдемі жерлерді таңдағанын айтты.

"Әр картинаны түсіргенде мен табиғаты көрікті жерлерді таңдауға тырысамын. Ал Қазақстанның табиғаты тамаша. Тау мен даласы, көлі мен шөлі ұласып жатыр. Және бір-біріне жақын орналасқан", - деді Йогарадж Бхат.

Сонымен қатар, режиссер фильм басынан бастап көременді қызықтыратынын айтты.

"Бала кезден бірге өскен достар - Ганеш, Дигант пен Китти бір аруға ғашық болып қалады. Оқиға Үндістанда басталып, Қазақстанда жалғасады. Фильм түсірілімі Шарын шатқалында, Шымбұлақта, 28-панфиловшылар саябағында өтті. Авторлар сценарий бойынша ұзақ уақыт жұмыс істеді", - деп қосты режиссер.

Басты рольдегі кейіпкер Вайбхави Шандилья да Қазақстанның сұлулығына тәнті болды.

"Бала кезімнен кино саласында жүрмін. Қазақстанға алғаш рет келіп тұрмын. Керемет әсер алдым. Әсіресе, табиғаты ұнады. Көлсайды ешқашан ұмытпаймын", - дейді актриса.

Продюсер Майра Қарсақбаеваның айтуынша, бұған дейін де Үндістанмен бірлесіп фильм түсірген. Бұл - үшінші жоба.

"Қазір біз кинокомиссиямен жұмыс істеп жатырмыз. Кинокомиссия шетелдік жобаларды тарту үшін қызмет етеді. Олар Қазақстанда түсіріліп, біздің локацияларды пайдаланады. Басқа елдермен мұндай ынтымақтастық әлі болған жоқ. Жақында бәрі болады деп үміттенемін", - деп қосты ол.

Gaalipata-2 романтикалық комедиясының түсірілімі 70 пайыз аяқталған. Фильм жаздың соңында көрерменді қуантады.

Қазір оқып жатыр

Трамп Ормуз бұғазындағы кемелерді босату операциясы басталғанын мәлімдеді

АҚШ

Алматы әуежайын су басты

.

Алматы облысында «Тазалық күндері»: 39 мың адам қатысып, 760 тонна қоқыс жиналды

.

Тоқаев өзіне сыйға берілген тұлпарларды қарап шығып, оларға жем берді

.