USD
USD
USD

Алматыда Үлкен Алматы айналма жолынан арбаға салынған сәби табылды (видео)

Алматыда Үлкен Алматы айналма жолының маңынан сәби табылды. Бала арбаның ішінде жатқан. 

Алматыда Үлкен Алматы айналма жолынан арбаға салынған сәби табылды (видео)
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Табылған баланың видеосы TikTok желісінде жарияланды.

"Кішкентай баланы далаға тастап кетіпті. Жұмыстан үйге жаяу келе жатқанбыз. Жүргенімізге 40 минут, тіпті бір сағаттай болды. Сәби әлі жыламады, күлімсіреп жатыр, Құжат жоқ, ештеңе жоқ. Үш-төрт айлық болуы керек", - дейді видео авторы. 

Алматы облысының Полиция департаментіне 15 мамыр күні сағат 10:08 шамасында Үлкен Алматы айналма жолынан 5 шақырым жерде кәмелетке толмаған бала табылғаны туралы хабар түскен.

Аталған дерек Қарасай аудандық полиция басқармасында тіркелді. Баланың анасы табылып, ҚР ӘҚБтК 127-бабының 1-бөлігі бойынша әкімшілік хаттама толтырылған. 

Қазір оқып жатыр

Бірі өсті, бірі шегінді. Қазақстанның сегіз банкі НЕГЕ активінен айырылды?

bank

Шымкентте Василий Колесниковті қатыгездікпен өлтірген алты адамға үкім оқылды

сот үкімі

Әйелдер мен балаларды қорғайтын жобаға не кедергі: депутат екі министрлікке талап қойды

Лариса Ли

Қазақстанда құрылыс талаптарын бұзғандарды лицензиясынан айыруы мүмкін

Құрылыс компаниялары