USD
USD
USD

Алматыда үлескерлерді алдап келген компания басшылары қамауға алынды

Алматыда «Үш қоңыр» және «Весновка» тұрғын үй кешені бойынша санкциялар берілді, деп хабарлайды  Бас прокуратура. 

Алматыда үлескерлерді алдап келген компания басшылары қамауға алынды
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. «Полиция «Үш қоңыр» және «Весновка» тұрғын үй кешені үлескерлерінің ұжымдық арызы негізінде Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 190-бабы, 4-бөлігі, 2-тармағы (алаяқтық) бойынша қылмыстық істі тергеп-тексерілуде. Алматы қаласының прокуратурасы тергеу органының «Lider Group Consalt» ЖШС директоры мен бірқатар тұлғаларын күзетпен ұстау түріндегі бұлтартпау шарасын қолдану туралы өтінішхатын қолдады», - делінген хабарламада.

Алматы қаласының тергеу сотының санкциясымен 2 ай мерзімге күзетпен ұстауға алынды.

Сотқа дейінгі тергеп-тексеру жалғасуда, тергеу органдары істің мән-жайын анықтау үшін барлық шараларды қолдануда және прокуратураның бақылауында.

Қазір оқып жатыр

Қытай мен Непал шекарасында жоғалып кеткен қазақстандықтардан әлі хабар жоқ – СІМ

су тасқыны

Ақмола облысында істің қаралуын созбалаңға салған әкімге жаза тағайындалды

ақша

Вячеслав Ким Alatau City-де көпфункционалды хабты іске қосты

Вячеслав Ким

Тоқаев Орта дәліз арқылы Кореядан Еуропаға өтетін көлік бағытын дамытуды ұсынды

Бірінші «Орталық Азия – Корея Республикасы» саммиті