USD
USD
USD

Алматыда ұландықтар 31 жылдық мерейтойын атап өтті

Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланы «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығында Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланының құрылғанына 31 жыл толуына орай салтанатты жиын өтеді.

Алматыда ұландықтар 31 жылдық мерейтойын атап өтті
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Тәуелсіздік алған алғашқы кезеңнен бастап елдің қоғамдық қауіпсіздігімен ішкі тәртібін күзету, түзеу мекемелері мен аса маңызды нысандарды қорғау мақсаты мемлекетіміздің алдындағы маңызды мақсаттардың бірі болып тұрды. Осы мақсатта 1992 жылдың 10 каңтарында Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен Ішкі істер министірлігінің Ішкі әскерлері құрылды.

2014 жылдың 21 сәуірінде Ішкі әскерлер Ұлттық ұлан болып қайта құрылды. Ал, 2015 жылы «Ұлттық ұлан туралы» заң күшіне енді.

Қауіпсіздіктің қалқаны, егемен еліміздің қорғаны Ұлттық ұланның жауынгерлік тарихи жылнамасы сонау тәуелсіздіктің алғашқы жылдарында, 1992 жылы 10 қаңтарда Қазақстан Республикасы Президентінің «Қазақстан Республикасы ІІМ Ішкі әскерлері туралы» Жарлығына қол қойғаннан бастап жазыла бастады. Тәуелсіздіктің елең-алаң шағында елдің ертеңі мен қауіпсіздік қамы үшін қабылданған бұл реформалық шаралар бағамының тарихи құндылығын айтпасақ та түсінікті. Ұлтты ортақ игілікке ұйыту, ел бірлігін сақтау, тыныштықты қамдау, өндірістегі өркенді істерге жол ашудың барлығы да елін сүйе білген, елдікті бекемдей білген мемлекет басшысының ерен еңбегінің жемісі.

Мерекелік шара Жауынгерлік ту кіргізілгеннен кейін, мемлекеттік Әнұран орындаудан басталды.

Аталмыш шараға «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығының және Алматы гарнизонындағы әскери бөлімдердің жеке құрамы, Ұлттық ұлан ардагерлері қатысты.

Мерекелік кеште алғашқы болып сөз алған Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланы «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығы қолбасшысының тәрбие және әлеуметтік-құқықтық жұмыстар жөніндегі орынбасары полковник Ниязтай Әлкешев жеке құрамды айтулы датамен құттықтап, баяндама жасады.

- 31 жылда жасалған игілікті істер аз емес. Қазақстан Республикасының Президенті – Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың қамқорлығының арқасында Ұлттық ұлан қалыптасу жолынан өтіп, дамуға көшті. Осы жылдары әскердің кәсіби сапасы еселеп артты. Оның материалдық-техникалық қамтылуы қарқынды дамуда. Қазіргі таңда Ұлттық ұлан елдің сенімін ақтайтын айбынды күшке айналды. Бүгінгі кәсіби мерекеде өңірлік қолбасшылықтың барлық жеке құрамына, ардагерлерге және отбасыларыңызға зор денсаулық, берек бірлік, амандық, ел игілігін еселеу жолындағы еселі еңбектеріңізге толағай табыстар тілеймін! – деді полковник Ниязтай Әлкешев. 

Бұдан кейін «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығы қолбасшысының міндетін уақытша атқарушы полковник Бекайдар Қазкеев сөз алып, мерекелік жиында қызметтік міндеттерін адал атқарып, үздік жетістіктерге қол жеткізген әскери қызметшілер мен Ұлттық ұланның қарқында дамуына өз үлестерін қосқан ардагерлерге құрмет көрсетті. Марапаттау рәсімінен кейін еліміздің тәуелсіздік алғалы өткен тарих жолына тоқтала келіп, оның ішінде Ұлттық ұланда болған оң өзгерістерді және оған ұландық жауынгерлердің қосқан үлесін мақтанышпен атап өтті.

Іс-шараның ресми бөлімінен кейін мерекелік концерт өтті. Көрермендер алдында «Генерал» тобының әншілері өнер көрсетті.

Қазір оқып жатыр

Мемлекеттің заңсыз әрекетінен келген зиянды өтеу құқығы Конституцияда бекітілді

Адам ұрлау

Құрылтай сайлауы: негізгі іс-шаралардың күнтізбелік жоспары жарияланды

үгіт-насихат

Алматыдағы көшелердің біріне Денис Теннің аты берілді

Денис Тен

Президент рақымшылық жасау туралы заңға қол қойды

амнистия