USD
USD
USD

Алматыда үйінен кетіп қалған апалы-сіңлілі қыздар вокзалдан табылды

  Алматыда үйінен кетіп қалған апалы-сіңлілі қыздар табылды.

Алматыда үйінен кетіп қалған апалы-сіңлілі қыздар вокзалдан табылды
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. 17 жастағы Әмина Әмір және 5 жасар Розали Әмірова 10 ақпан күні таңертең Алматы облысы Іле ауданы Қосөзен ауылындағы үйінен шығып кеткеннен қайтып оралмаған. Полиция мен «Лидер» еріктілер тобы оларды екі тәулік бойы тынымсыз іздеді. Екі қыздың суреті бүкіл полиция бөлімдеріне жолданып, әлеуметтік желілерде жарияланды. 11 ақпан кешкісін қыздардың Алматының Айнабұлақ-2 шағынауданында камераға түсіп қалғаны белгілі болды. Соңғы мәрте оларды «Ағайым» кафесінен көрген. 12 ақпан түнде Әмина мен Розали Алматы-1 теміржол вокзалынан аман-есен табылды. «Іле ауданы полиция басқармасының жедел уәкілі, аға лейтенант Қуатбек Ахметбековке, сондай-ақ осы полиция басқармасы ювеналды полициясының учаскелік инспекторы Аида Есімбековаға алғыс айтамыз», - дейді волонтерлер. Апалы-сіңлілі қыздар ата-анасына тапсырылды.

Қазір оқып жатыр

Екі экс-министрдің арызынан кейін Гүлнар Бажкеноваға айыппұл салынды

Гульнара Бажкенова

«Әділет» партиясы Қазақстанның барлық өңіріндегі филиал басшыларын жасақтады

"Әділет" партиясы

Атырау облысында жеті әкім қоқыс үйіндісі үшін жауапқа тартылды

әкімшілік жаза

Түркістанда жол апатынан полиция капитаны көз жұмды

Бауыржан Қонысбеков