USD
USD
USD

Алматыда тұрғын үйлер аумағы енді аудан әкімдіктері есебінен тазартылады

2023 жылдың 1 қаңтарынан бастап Алматыда тұрғын үйлердің аумағы аудан әкімдіктері есебінен тазартылады. Бұл туралы қала әкімі Ерболат Досаев Түрксіб ауданы тұрғындарымен кездесуінде мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Алматыда тұрғын үйлер аумағы енді аудан әкімдіктері есебінен тазартылады
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Кездесуге келген тұрғынның бірі Түрксіб ауданында ойын аландары тазаланбайтынын айтты.

«Аудандық әкімдік балалар ойын алаңын тазалағысы келмейді. Аудан әкімдігі мен пәтер иелері кооперативінен келген адамдар ПИК тазалайды деп сендірді, алайда оларда қаражат жоқ. Алаңдарды тазалауға ақшамыз жетпейді», - дейді тұрғын.

«Мен сізбен келісемін. 2023 жылдың 1 қаңтарынан бастап менің бастамам бойынша аудандарға үйішілік аумақтарды тазалауға қаражат бөлетін боламыз», - деді Ерболат Досаев.

Қазір оқып жатыр

Астанада әйел 15-қабаттан секіріп, бала отырған арбаның үстіне құлаған

.

Қазақстанда «миллион пәтер тегін беріледі» деген жалған видео тарады

.

Ақмарал Әлназарова қайтыс болғаннан кейін донор болуға келісім берді

Ақмарал Әлназарова

Конституциялық құндылықтардан жаңа этикаға дейін – Ерлан Қарин ішкі саясаттың негізгі бағыттарын айқындады

.