USD
USD
USD

Алматыда тұрғын үй кешені қоршалды: Коронавирус жұқтырған адам анықталған

Аталған кешеннің тұрғындары инфекция көзі шыққан аумақтан шығарылмайды.

Алматыда тұрғын үй кешені қоршалды: Коронавирус жұқтырған адам анықталған
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Зенкова 59 мекен жайында орналасқан "Сұңқар" тұрғын үй кешенінің бір тұрғынынан коронавирус анықталған. Ақпарат әлеуметтік желілер арқылы тарады. Аталмыш ақпаратты қала әкімдігінің баспасөз қызметі де растап отыр.

Қолдағы бар ақпаратқа сүйенсек, тұрғын үй кешені 15 күнге карантинге жабылды. Іштегі тұрғындар сыртқа шығарылмайды және ешкім тұрғын үй кешеніне кіргізілмейді.

Бұл жерде коронавирус жұқтырғандардың саны белгісіз. Әзірге анықталып жатыр. 

"Кешеннің тұрғындары үшін бір ғана азық-түлік дүкені жұмыс істейтін болады. Карантин уақытында қажетті азық-түліктермен толық қамтамасыз етіледі", - делінген әлеуметтік желіде жарияланған хабарламада. 

Өз кезегінде әкімдік «Сұңқар» кешенінің аумағындағы қауіпсіздік шаралары ДДҰ стандарттарына сәйкес қабылданғанын хабарлады. Арнайы 4 пост(КПП) қойылған. Індет табылған орын залалсыздандырылды, бірақ жергілікті тұрғындар арасында таралу қаупі бар.

Сонымен қатар, Алматы қаласы әкімнің орынбасары Ержан Бабақұмаровтың айтуынша, Алматыда бірнеше індет ошағы анықталған. Оның бірі осы тұрғын үй кешені. Қазіргі таңда дезинфекциялау жұмыстары жүргізіліп жатыр.

Дүкендер мен дәріханалар аталмыш орындарда қалып қойған тұрғындар үшін жұмыс істейтін болады.

Инфекцияның таралу аумағында бақылау пункттері жұмыс істейді. Карантиндік аймақ ішінде барлық қозғалыс тоқтайды.

 

Қазір оқып жатыр

Марқұм Ұлдананың бұрынғы күйеуі өтемақыны қайтаруға міндетті ме – Заңгер жауабы

дәрігер

Қазақстан Ресей мұнайын өңдеп, кейін кері жөнелтуі мүмкін

мұнай өңдеу

TikTok-тағы уағыз: жастар діни ақпаратты кімнен алып жүр?

ТТ уағыз

Прокуратура Байбектің компаниясының мүддесін қорғады

Бауыржан Байбек