USD
USD
USD

Алматыда церебралды сал ауруымен ауыратын науқасқа тұңғыш рет ота жасады

Операцияны Орталық клиникалық аурухана нейрохирургі Марат Алматов, №2 Қалалық балалар ауруханасы нейрохирургі Азамат Жайылғанов пен невролог-нейрофизиолог Гүлнұр Қасенова бастаған білікті мамандар жасады.

Алматыда церебралды сал ауруымен ауыратын науқасқа тұңғыш рет ота жасады
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Дәрігерлердің айтуынша, мұндай ота балалық шақта жасалуы қажет. Бұл сал ауруымен ауыратын пациенттің қимыл-қозғалысын жеңілдетіп, жүрісін қалыпқа келтірер еді. Алайда пациент мамандар көмегіне 18 жасқа толғаннан кейін ғана жүгінген.

Селективті дорсалды ризотомия – церебралды сал ауруымен туылған науқастардың құрысқан бұлшық етін жұмсартып, қимыл-қозғалысты реттеуге арналған операция. Ота барысында дәрігер жұлынның төменгі бөлігіндегі сенсорлық қабықшаларды ішінара алып тастайды. Бұл аяқ-қолдың құрысуын азайтып, науқастың жағдайын едәуір жақсартуға мүмкіндік береді.

"Нейрохирургтен зергерге тән шеберлікті қажет ететін күрделі операция 6 сағатқа созылды. Ота барысында біз микроскоп арқылы нейромониторинг жасап отырдық Нәтижесінде белгілі бір бұлшық еттердің жұмысына жауап беретін жүйке жүйелерінде ақау бары анықталды. Былайша айтқанда, бұлшық еттерді құрсап, пациенттің жүріп-тұруын қиындатқан жүйке талшықтары алынып тасталды", - дейді ОҚКА Нейрохирургия бөлімі меңгерушісі Марат Алматов.

Осы жасқа дейін қимыл-қозғалыс шектелуінен зардап шегіп келген жас жігіт қазір өз бетінше жүріп-тұрады. Бүгінде ауруханадан шығуға дайындалып жатыр. 

"Кейін пациент реабилитациядан өтуі тиіс. Операция сәтті өтті. Дегенмен оның нәтижесін күшейту үшін ұзақ уақыт медициналық оңалтудан өту қажет", - дейді маман.

Қазір оқып жатыр

Елена Рыбакина алғаш рет әлемнің бірінші ракеткасы атанады

Рыбакина

Қоқыстан табылған нәресте өлімі: прокурор экс-полицейді өмір бойына соттауды сұрады

Пәкістандағы өрт

Alatau City мен оңтүстіккореялық компаниялар қаланың цифрлық егізінің пилоттық жобасын іске қосады

Alatau

Астанада жол ережесін 306 рет бұзған жүргізуші 10 тәулікке қамалды

Күдікті