USD
USD
USD

Алматыда триатлоннан ҚР чемпионатының өтуіне орай бірнеше көше жабылады

Алматыда триатлоннан ҚР чемпионатының өтуіне байланысты бірнеше көше жабылады.

Алматыда триатлоннан ҚР чемпионатының өтуіне орай бірнеше көше жабылады
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Алматы әкімдігі мен Алматы триатлон федерациясы 12-13 күндері триатлоннан ел чемпионатының өтуіне байланысты Сайран көлі маңындағы бірнеше көше уақытша жабылатынын мәлім етті. 12 маусым күні сағат 7.00-ден 16.00 аралығында Төле би көшесінің Өтеген батыр мен Тілендиев көшесі (оңтүстігі) аралығындағы қозғалыс автокөлік үшін шектеледі. Көліктер жолдың тек солтүстік жағымен жүре алады.

Ал, Өтеген батыр көшесінің Төлебиден Қуанышбаев көшесіне дейінгі аралығы түгелдей жабылады. 13 маусым күні сағат 8.00-ден 12.00 аралығында Төле би көшесінің Өтеген батыр мен Тілендиев көшесі (оңтүстігі) аралығында қозғалыс автокөлік үшін шектеледі. Көліктер тек солтүстік жағымен жүре алады. Өтеген батыр көшесінің бойы Төле биден Қуанышбаев көшесіне дейінгі аралықта екі жолақта түгелдей жабылады.

«Триатлоннан ҚР чемпионаты Алматыда жыл сайын өтеді. Оған біздің азаматтар ғана емес, шетелдіктер және Орталық Азия спортшылары қатысады. Мұндай ауқымды шара кезінде көшені жабу әлемдік тәжірибеде бар. Біз көлік қозғалысын қиындатпау үшін жарыс алаңын кішірейтіп, көшені жабу уақытын азайтуға тырыстық. Бұған тұрғындар түсіністікпен қарайды деген ойдамыз», -делінген ұйымдастырушылар таратқан мәліметте.

Қазір оқып жатыр

Борышкерлердің шотында өмір сүруге жететін қаражат қалуы керек – депутат

Алмас Мұхаметов

Тоқаев «Лукойл» компаниясының негізін қалаушы Вагит Алекперовпен кездесті

Қасым-Жомарт Тоқаев, Вагит Алекперов

Тіл жайлы сөзі үшін басы дауға қалған гидті полиция тексереді

Татьяна

Шұжықта не барын ДНҚ арқылы анықтайтын тест әзірленді

баға