USD
USD
USD

Алматыда төтенше жағдай арнайы медиабордтар арқылы хабарланады

Алматы қаласы маңындағы көшкін қаупі мен табиғи құбылыстар туралы ескертулер медиабордтарда жарияланатын болды. 

Алматыда төтенше жағдай арнайы медиабордтар арқылы хабарланады
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE.  Қалалық ТЖД хабарлағандай, Алматы қаласының негізгі жолдары мен халық көп жиналатын нүктелерде орналасқан медиабордтарда таудағы көшкін қаупі туралы ақпараттық хабарламалар мен ескерту роликтері іске қосылды. Халықты осылай хабардар етуге «Citix» компаниясы көмек көрсеткен. Компания 2021 жылдан бастап Алматы қалалық ТЖД-мен тығыз қарым-қатынаста еңбек етіп келеді.

Айта кетейік, алматылықтар көшкін қаупі туралы деректермен қазіргі таңда sms-хабарламалар, БАҚ және 70 ірі медиабордпен біріктірілген «Дәрмен» мобильді қосымшасы арқылы хабардар болады.

Қазір оқып жатыр

Меладзенің Алматыдағы концертінде шу шығарған әйелдер жазаланды

.

Семейде жүріп бара жатқан жолаушылар автобусы өртенді

өрт

Alatau City жобасына Еуропа елдерінен инвесторлар тартылмақ

Делегация Алатау сити

Болат Өтемұратов OLX Қазақстанды 81 миллион долларға сатып алды

Болат Өтемұратов