USD
USD
USD

Алматыда топырақ көшкіні болды

Медеу ауданында су құбыры жарылып, топырақ көшкіні болды. 

Алматыда топырақ көшкіні болды
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. «Бүгін таңғы сағат 09: 30-да «Көктөбе» шағынауданы Т.Бигелдинов көшесіндегі 35-үйдің жанында, көлемі 30 текше метр топырақ көшті. Нәтижесінде жол өтуіне кедергі туындап, 35-үйдің металл қоршауы зақымдалды. Дереу қауіпсіздік бекеттері қойылып, су құбыры бітелді, зардап шеккендер жоқ, жолды тазарту жұмыстары жүргізілді»,- деп хабарлады департаменттен.

Оқиға орнына ТЖД 5 қызметкер, 2 бірлік техника, «Қазселденқорғау» ММ 2 қызметкер, 1 бірлік техника, аудан әкімдігінен 5 қызметкер, 2 бірлік техника, «Алматы Тазалық» ЖШС 10 қызметкер, 2 бірлік техника жұмылдырылды.

Жалпы сырғымалар табиғи және техногендік сипаттағы түрлерге бөлінеді: Табиғи – топырақтың ылғалданып батпақтануына және техногендік сипаттағы -құбырлардың ақаулары, суды бақылаусыз пайдалану, беткейлерге жүктеме және тағы басқа себептерінен пайда болады.

Осыған байланысты сырғыма, топырақ көшкін қаупі бар учаскелерде тұрғын үйлер салу ұсынылмайды; Үйлерді салу, жолдарды кесу, жоспарлау жұмыстары үшін таудың баурайын кесу ұсынылмайды; Герметикалық емес септиктерді, дәретханаларды және т. б. пайдалануға тыйым салынады; Тұрғын үй алаптарының иелеріне, бау-бақша және саяжай қоғамдарының басшыларына су құбыры және суару құбырларының жай-күйін ұдайы бақылап отыру ұсынылады; Суармалы суды пайдалануды бақылаңыз.

Қазір оқып жатыр

«Қазақмыстағы» наразылықтан кейін топ-менеджер жұмыстан шеттетілді

.

Шымкентте хиджаб киген қыздың сөмкесінен 2 келі есірткі табылды

Есірткі

Италияда қазақстандық студент қаза тапты

Қазақстандық студент қазасы

Мәсімовтің бұрынғы күйеу баласы Ресейде сырттай қамауға алынды

Азамат Қапенов