USD
USD
USD

Алматыда тонаушылардың тағы бір тобы ұсталды

Алматы қаласында пәтерлердің бірінде тонаушылар тобы құрықталды.

Алматыда тонаушылардың тағы бір тобы ұсталды
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Алматыда тонаушылардың тағы бір тобы ұсталды Байтұрсынов көшесіндегі үйлердің бірінің жалдамалы пәтерінде қаланың Алмалы ауданының полиция қызметкерлері сегіз ер адамды ұстады, олардың алтауы Жамбыл облысының, тағы екеуі Талдықорған қаласының тұрғыны. Олардың ең үлкені 25 жаста, кішісі 19-да. Жалға алынған тұрғын үйден күдіктілер қылмыстық жолмен алған қала дүкендерінен ұрланған тұрмыстық, цифрлық, оргтехника мен әскери құралдар табылды. Сотқа дейінгі тергеудің осы кезеңінде, бұл ер адамдар тобы - осыдан бірнеше күн бұрын Алматыда орын алған тәртіпсіздіктер мен тонауға белсенді қатысушылар екендігі анықталды. Күдіктілер қамауға алынды.

Қазір оқып жатыр

100 млн теңге пара алғаны үшін бұрынғы шенеунік сотталды

Парақор шенеунік

Маңғыстаудағы сарбаздар қазасы бойынша 300-ден астам адамнан жауап алынды – Бас прокуратура

Әскерилер өлімі

Қостанайда қарт кісіні өлтірді деген күдікпен жасөспірім ұсталды

Күдікті пен полицей

Китана «Бүркіт» арнайы жасағына қабылданған алғашқы жауынгер қыз атанды

Китана – Қымбат