USD
USD
USD

Алматыда тыр жалаңаш самокат мінген жұп қамауға алынды

Алматыда самокат мінген тыр жалаңаш жұп қамауға алынды, деп хабарлайды Polisia.kz.

Алматыда тыр жалаңаш самокат мінген жұп қамауға алынды
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE.  Жергілікті полиция қызметінің хабарлауынша, Алматы қаласының мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотында Алматы жолдарында киімсіз және іш киімсіз самокат мінген 25 жастағы М.есімді азаматша мен 29 жастағы Г.есімді азаматқа қатысты сот отырысы өтті.

– Құқық бұзушыларды Бостандық аудандық полиция басқармасының қызметкерлері анықтады және ұстады. Олардың әдепсіз әрекеттері ҚР ӘҚбК-нің 434-бабымен (Ұсақ бұзақылық) квалификацияланды. Істің материалдары сотқа жіберілді, оның шешімімен әрқайсысы 10 тәулікке әкімшілік қамаққа алынды. Сонымен қатар, жолаушыларды тасымалдау ережесін бұзған Mercedes автокөлігінің жүргізушісі 28 жастағы К.есімді азаматқа қатысты да әкімшілік шара қолданылғанын айта кеткен жөн (ҚР ӘҚбК-нің 593-бабы 1-бөлігі). Оның жолаушысы – А.есімді азаматша көліктің люкінен ұялы телефонына жалаңаш адамдардың отырғанын түсіріп алған, – деді Алматы қалалық ПД Жергілікті полиция қызметі басқармасының бастығы Ержан Ұзабаев.

Қазір оқып жатыр

Арман Шораев 20 тәулікке қамауға алынды

Арман Шораев

«Діндарларды қорлады»: Баян Алагөзова дін туралы айтқан пікірі үшін кешірім сұрады

Баян Алагөзова

Дастан Сәтпаев уақытша «Челсиге» оралды

Дастан Сәтбаев

Қазақстанда автонесиелеуге сұраныс төмендеген: қаржыгерлер себебін түсіндірді

автонесиелеу