USD
USD
USD

Алматыда терроризмге қарсы операцияға байланысты бірқатар көше жабылды

Алматыда террористерге қарсы операция жалғасып жатыр. Осыған байланысты бірқатар көше уақытша жабылады.

Алматыда терроризмге қарсы операцияға байланысты бірқатар көше жабылды
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Террорға қарсы операцияның жүргізілуіне байланысты, бүгін 19 қаңтар күні келесі аймақтарда жол қозғалысы уақытша жабылады:

- Абылай хан көшесінің бойымен Мақатаев көшесінен Бөгенбай батыр көшесіне дейін, солтүстік және оңтүстік бағытта;

- Төле би даңғылы бойымен Желтоқсан көшесінен Назарбаев даңғылына дейін, шығыс және батыс бағытта;

"Азаматтардан уақытша шараларға түсіністікпен қарауды, қозғалыс бағытын алдын ала реттеп, жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтауды сұраймыз", – деп хабарлады Алматы қалалық полиция департаментінен.

Айта кетейік, Алматыда төтенше жағдай мен коменданттық сағат аяқталды. Алайда Алматы аумағында антитеррорлық шара режимі және терроризм қаупінің "қызыл" деңгейі сақталады

Қазір оқып жатыр

Инвестицияның орнына 25 пайызбен $21 млн несие: Манка алтын кен орны төңірегінде дау шықты

Йылдырым

«37 іс бойынша тергеп-тексеру басталды»: Қорғаныс министрлігін тексерудің аралық қорытындысы айтылды

Ақтаудағы сарбаз өлімі

Криштиану Роналду Португалия құрамасындағы мансабын аяқтады

Криштиану Роналду

«Шетелдік жабдықты отандық өнім ретінде өткізген»: OrdaMed басшысы Грузиядан Қазақстанға жеткізілді

Күдіктіні экстрадициялау сәті