USD
USD
USD

Алматыда тергеу изоляторынан сотталушы қашып кетті

Алматыда тергеу изоляторынан сотталушы қашып кетті, деп хабарлады ІІМ Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің баспасөз қызметі.

Алматыда тергеу изоляторынан сотталушы қашып кетті
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. «15 ақпанда ЛА-155/18 (тергеу изоляторы) мекемесінен 1987 жылғы сотталушы Д.Т.Давудов қашып кетті. Аталған факт бойынша Алматы полиция департаменті Қылмыстық кодекстің 426-бабына (Бас бостандығынан айыру орындарынан, қамаудан қашу) сәйкес сотқа дейінгі тергеу бастады, жедел іздестіру шаралары жүріп жатыр», - делінген хабарламада.

Оқиғаның себебі мен мән-жайды анықтау үшін қызметтік тексеру тағайындалды, оның нәтижесі бойынша лауазымды адамдарға қатысты тиісті шаралар қабылданады.

«Айта кетейік, қашып кеткен ер адам 2020 жылы 17 мамырда қамауға алынып, қарашада ұрлық пен алаяқтық жасағаны үшін 6 жыл 3 айға бас бостандығынан айырылған», - деп қосты ведомстводағылар.

Қазір оқып жатыр

84 медаль: Қазақстан Азиадада сегізінші орын алды

Төрехан

Көк-Жайлауда 2 мыңға жуық Шренк шыршасы отырғызылды

.

Томан ауылында алғаш рет балабақша ашылады

Өңірлік коммуникациялар қызметі

Қорғаныс министрлігіндегі ауыс-түйіс жалғасып жатыр

Ақтаудағы сарбаз өлімі