USD
USD
USD

Алматыда тергеу изоляторынан қашып кеткен қылмыскер ұсталды

Алматыда ЛА-155/18 мекемесінен қылмыскер қашып кеткен. Полиция қылмыскерді ұстады, - деп хабарлайды Polisia.kz.

Алматыда тергеу изоляторынан қашып кеткен қылмыскер ұсталды
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Криминалдық полиция басқармасы мен Түріксіб аудандық ПБ-на қарасты полиция бөлімінің қызметкерлерімен жүргізілген жедел-іздестіру іс-шаралары барысында Қарасу ықшам ауданындағы Солтүстік айналма көшесі бойында қашқын ұсталды және уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Қашу дерегі соталды тергеудің бірыңғай тізіліміне ҚР ҚК-нің 426-бабы 1-бөлігі бойынша тіркелді.

Айта кетейік, қылмыскер биыл қыркүйекте Жамбыл облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының үкімімен адам өлтіру дерегі бойынша 10 жылға сотталған. Қашу дерегі бойынша ІІМ Өзіндік қауіпсіздік департаменті қызметкерлерге қатысты тексеру жүргізіп жатыр.

Қазір оқып жатыр

Тоқаев Қауіпсіздік кеңесі мен оның Аппараты туралы ережені бекітті

қол қою

Brent маркалы мұнай бағасы барреліне 108 долларға жетті

мұнай бағасы

Жаңаөзен әкімінің бұрынғы орынбасары ауруханаға демеуші бөлген қаржыны жымқыру ісі бойынша тексерілуде

ҚМА қызметкерлері мен күдікті

Қытайлық Temu маркетплейсіне Швейцарияда сатушыларға қысым көрсетті деген айып тағылды

Temu