USD
USD
USD

Алматыда терезе жуып жатқан альпинист биіктен құлап көз жұмды

 Алматыда көпқабатты тұрғын үйлердің бірінің терезесін жуып жатқан 27 жастағы өндірістік альпинист биіктен құлап көз жұмды.

Алматыда терезе жуып жатқан альпинист биіктен құлап көз жұмды
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Қайғылы жағдай Алматы қаласының Бостандық ауданында болды. Қалалық полиция альпинистің оқиға орнында қаза тапқанын растады. «1995 жылы туған азамат биіктен құлап кетті. Ол оқиға орнында қаза тапты. Сот-медициналық сараптама тағайындалды. Мән-жай анықталып жатыр. Бұл факті Бостандық аудандық полиция бөлімінде тіркелді», - деп хабарлады қалалық полиция департаментінің баспасөз қызметі. Еске сала кетейік, былтыр қараша айында «Жетісу» шағынауданында көпқабатты үйлердің бірінің терезесінен 28 жастағы әйел мен оның 2015, 2016 және 2019 жылы туған үш кішкентай баласы 9-қабаттың терезесінен секіріп кеткен еді. Әйел мен екі баласы оқиға орнында көз жұмды. Тағы бір бала жедел жәрдем көлігінде қайтыс болды.

Қазір оқып жатыр

Әскери қызметшілерге қызметтен кетерден алты ай бұрын жұмыс табуға көмектеспек

Әскерилер

Н. Төреғалиев: Ақ Жайық өңірі көрші елдердегі қандастармен тұрақты байланыс орнатып келеді

Форум

Алматы әкімдігі билбордтар орнатуға 600-ден астам жер телімін заңсыз берген

Алматы

Күшті әсер ететін заттар Wildberries арқылы арықтауға арналған дәрі ретінде сатылған

күшті әсер ететін дәрілер