USD
USD
USD

Алматыда театрлар қашан жұмыс істейді?

Алматыда театрлардың жұмысына рұқсат берілді. Бұл туралы Алматы қаласының бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің қаулысында айтылған.

Алматыда театрлар қашан жұмыс істейді?
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Қаулыға сәйкес, театрларда отыру орындарының толуы 50% аспауы тиіс. «Мәдени нысандарда әлеуметтік арақашықтық сақталуы міндетті. Сондай-ақ, санитарлық-дезинфекциялық режим, желдету және ауаны баптау жүйелері үздіксіз жұмыс істеп тұруы керек. Оған қоса, ауаны сәулелендіру (кварц) ұсынылады», – делінген Алматы қаласының бас мемлекеттік санитарлық дәрігері Жандарбек Бекшиннің коронавирус инфекциясын алдын-алу жөніндегі жаңа қаулысында.

Құжат 6 қазанда сағат 00:00-де күшіне енеді. Еске салайық, сондай-ақ Алматыда дәмханалардың, көлік жуу орындарының, көлікке техникалық қызмет көрсету станцияларының, жалпы адаммен байланыссыз жұмыс істейтін нысандардың жұмыс уақыты ұзартылды.

Қазір оқып жатыр

Блогер Ерболат Жанабылов әйелімен ұрысқаннан кейін ұсталды

Ерболат Жанабылов, Эльмира Төлегенова

40 млрд теңге және 2 млн-дай бір реттік доза: Қарағанды облысында ірі есірткі зертханасының жұмысы тоқтатылды

Есірткі зертханасы

Оңтүстік Кореяда құрылыс алаңында Қазақстан азаматы қаза тапты

Жұмысшы қазасы

Электромобильді қуаттағанда артық ақша төлемеу үшін желтоқсаннан бастап жаңа талап енгізілмек

Электромобиль