USD
USD
USD

Алматыда театр және кино актері Сағи Әшімовтің құрметіне мемориалдық тақта ашылды

Алматыда театр және кино актері, Мемлекеттік сыйлықтың иегері Сағи Асанәліұлы Әшімовтің құрметіне мемориалдық тақта ашылды.

Алматыда театр және кино актері Сағи Әшімовтің құрметіне мемориалдық тақта ашылды
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Ашылу салтанатына Алматы қаласы әкімінің орынбасары Арман Қырықбаев, Халық артистері мен Қазақстанның еңбек сіңірген өнер қайраткерлері қатысты. 

Сағи Әшімов “Өз дәніңді өсір", "Мазасыз балалар", "Ойлануға бір ай" және т.б. 20-дан астам фильмге түскен. Ол әкесі Асанәлі Әшімовтің "Шоқан Уәлиханов" атты 4 сериялы фильмінде басты рөлді сомдады. Әшімов 1999 жылы "Тоғысқан тағдырлар" атты алғашқы қазақстандық сериалдың түсірілімі кезінде қайтыс болды.

Мемориалдық тақта Достық даңғылы, 40 (Қабанбай батыр көшесінің қиылысы) мекенжайында орнатылған.

Қазір оқып жатыр

«Тентек» шахтасы кейінгі он жылда алғаш рет миллион тонна көмір өндірді

.

Qarmet пен Allur 500 жасты жұмыспен қамтуды жоспарлап отыр

Qarmet

Қазақстан дамудың жаңа кезеңіне қадам басты – Тоқаев

вице-президент

Жезқазған зиратында қабір басындағы топырақ опырылған: әкімшілік себебін түсіндірді

.