USD
USD
USD

Алматыда тауға шыққан туристің жүрегі тоқтап қалған

Алматы тауларының бірінде 61 жастағы турист қайтыс болды.

Алматыда тауға шыққан туристің жүрегі тоқтап қалған
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Алдын ала болжам бойынша оның өліміне жүрек ұстамасы себеп болған. Қайғылы оқиға 7 тамыз күні «Көкжайлау» шатқалынан 200 метр төменде, Медеу ауданына қарасты аумақта болған. Құтқару қызметіне хабарласқан туыстары марқұмның жүрек ұстамасы ұстағанын хабарлаған.

«1740 метр биіктікке жаяу көтеріле отырып, құтқарушылар сағат 12:30-да оқиға орнына жетті. Олар 1960 жылы туған ер адамның қайтыс болып кеткенін анықтады. Сағат 15:52-де құтқарушылар ер кісінің денесін түсіріп, полиция қызметкерлеріне тапсырды», - делінген Алматы ТЖД хабарламасында.

Сондай-ақ бірнеше сағат өткенде, яғни 18 :35-те ТЖД пультіне Бостандық ауданында 16-21 жас аралығындағы 4 қыз-келіншектің жоғалып кеткені туралы хабарлама түскен.

«Дереу құрамында 5 адам, 1 бірлік техника бар құтқару қызметінің құтқарушылары жіберіліп, олардың геолокациясы анықталды. Құтқарушылар Алмарасан шатқалында жоғалған адамдармен байланысқа шықты. Ал сағат 19: 50-де құтқарушылар жоғалғандарды қарсы алып, бекетке дейін аман есен өткізіп жіберді. Қыз-келіншектер медициналық көмекке жүгінген жоқ», - делінген хабарламада.

Алматы қаласының ТЖД туристерден таулы аймаққа шыққан кезде қауіпсіздік шараларын сақтауды сұрайды:

- Тауға барарда өз күшіңізді бағытқа байланысты дұрыс есептеңіз. Дайындық деңгейі бойынша бағытты таңдаңыз.

- Тауға барар алдында жақындарыңызға нақты бағытты айтыңыз. Туыстарыңыз сізді қайда іздеу керектігін білуі керек.

- Тауларда соқпақтан шықпаңыз. Жолды қысқартуға тырыспаңыз.

- Егер бағыт бойынша көтірілу қиындаған жағдайда, артқа қарай төмен түсіңіз. Ең бастысы – оралу.

Қазір оқып жатыр

Қызылордада «TURǴYNDAR AMANATY» партиялық жобасы аясында форум өтті

.

Өнеркәсіптің өңдеу секторындағы өсімі төрт айда 9,9%-ды құрады

.

Қазақстанда бақбақтың қай түрін жұлғандарға 13 млн теңге айыппұл салынады?

бақбақ

Күзде пайызсыз ипотека беріле бастауы мүмкін

кілт