USD
USD
USD

Алматыда Тәуелсіздік күніне орай қандай іс-шаралар өтеді?

Алматыда Қазақстан Тәуелсіздігінің 32 жылдығына орай түрлі іс-шаралар өтеді.

Алматыда Тәуелсіздік күніне орай қандай іс-шаралар өтеді?
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. 15 желтоқсан күні сағат 11.00-де Дәстүрлі музыка мультимедиялық орталығында Желтоқсан оқиғасына қатысушылармен "Тәңір сыйы – Тәуелсіздік" атты кездесу ұйымдастырылады.

Бұл күні сағат 15.00-де Қонаев мұражайында  "Тәуелсіздік – мәңгілік елдің тірегі" атты фотокөрме өтеді.  

Сағат 15.00-де Алматы қаласының Орталық мемлекеттік мұрағатында "Тәуелсіздік – аппақ таным арайлы" атты тақырыпта дөңгелек үстел ұйымдастырылады.

Сағат 19.00-де Жамбыл атындағы Қазақ мемлекеттік филармониясында Т. Әбдірашев атындағы ҚР Мемлекеттік академиялық симфониялық оркестрінің концерті болады.

16-18 желтоқсан аралығында пауэрлифтинг пен стендтік пресс бойынша қала чемпионаты жоспарланған.

18 желтоқсанда сағат 15.00-де Alatau Creative Hub-та "Тәуелсіз елдің ұрпағы" зияткерлік ойыны өтеді.

Қазір оқып жатыр

Оңтүстік Кореяда Alatau City-де ірі жобаларды іске асыру мүмкіндігі талқыланды

Alatau City бойынша келіссөздер

«Біз одан шарап ішеміз»: Кенесарының бас сүйегі туралы айтқан қырғыз студенттері кешірім сұрады

Қырғызстандық студенттер

Жанжал кезінде газ тапаншасынан оқ атқан Астана тұрғыны 5 жылға сотталды

тапанша

Іле-Балқаш резерватына бір үйір құлан жіберілді

Іле-Балқаш резерватына жіберілген құландар