USD
USD
USD

Алматыда тауарды тегін беретін дүкен ашылды

Медеу ауданында тұтынушыларға тауарды тегін тарататын дүкен ашылды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Алматыда тауарды тегін беретін дүкен ашылды
Фото: NEGE.kz

Алматы. NEGE. Әлеуметтік орталықтың бой көтеруіне «Бақытты отбасы» орталығының аналары мұрындық болған.

Осылайша, көпбалалы аналар, аз қамтылған отбасылар мен мұқтаж жандарға қайырымдылық көрсетуді көздейді. Игі бастаманы іске асыруға аудандық әкімшілік пен кәсіпкерлер қолдау танытып отыр.

Айта кету керек, дүкенге тек әлеуметтік санаттағы отбасылар жүгіне алады. Әлеуметтік дүкен Медеу ауданындағы Халиуллина, 71 мекенжайында орналасқан. Орталықтың салтанатты ашылуында бастауыш сыныпта оқитын 45 балаға тегін сөмке таратылды.

«Оның ішінде энциклопедиялар, бояғыш заттар, ермексаздар бар. Сонымен бірге керемет кітапшалар бар. Біз мұнда мүмкіндігі шектеулі балаларды да есептедік. Олардың ұсақ қол моторикасын дамыту үшін арнайы ойыншықтар салынған», - дейді қоғамдық қор әдіскері Ғазиза Жайсанбаева.

Қазір оқып жатыр

Қазақстандықтардың 47,7%-ы спортпен айналысады: дене белсенділігінің күнделікті нормасы қандай?

Ат спорты

1 қыркүйектен бастап Алматыда көліктерді тексерудің жаңа түрі енгізіледі

техникалық тексеру

Қазақстанға 1,1 трлн теңге қайтарылды: заңсыз активтер қайда жұмсалып жатыр?

Құрылыс компаниялары

Ақмола облысында мемлекеттік қызметкер құмар ойынға 6 млн теңгедей қаржы салған

құмар ойын, онлайн казино