USD
USD
USD

Алматыда тапшы дәрілерді сатқан дәрігер ұсталды

Алматы облысы аудандарының біріндегі ауруханада халыққа тапшы дәрілерді сатқан жансақтау бөлімінің меңгерушісі ұсталды.

Алматыда тапшы дәрілерді сатқан дәрігер ұсталды
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. «Алматы қаласының криминалдық полициясына жедел ақпарат келіп түсті. Осыдан кейін дәрігер Райымбек пен С.Сейфуллин даңғылдарының қиылысындағы арнайы іс-шара кезінде ұсталды. Жеке тексеру барысында «Севофлуран», «Цефтриаксон», «Меобактрин», «Альбунорм», «Неоцитотект», «Октагам», «Архимакс», «Меропенем», «Годовист» және «Пропофол» сияқты 90 флакон дәрі алынды», –деп хабарлады Алматы қалалық ПД баспасөз қызметі.

Снымен қатар, іздестіру шаралары кезінде дәрігердің бұрын сатылған дәрі-дәрмектерден түскен 1 млн 370 мың теңге анықталған. Аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Қазір оқып жатыр

«Халықтық құрылысқа» бөлінетін 6,5 трлн теңге: Годунова қандай қауіп барын айтты

Құрылыс

Жетісу облысындағы Балқаш жағалауында алғашқы коммуналдық жағажайдың құрылысы аяқталды

Жағажай

Оралда 272 млн теңгенің негізсіз жұмсалуына жол берген шенеунік қатаң сөгіс алды

Шенеунік

Алматыда Қырғызстан студенттерін онлайн-казиноның ақша айналымына пайдаланған

Күдікті