Алматыда танымал актер Фархат Әбдірайымовты еске алу кеші өтті
Шара барысында атақты актердің туған-туыстары, жақын достары мен әріптестері жылы естеліктерімен бөлісті. Сондай-ақ, көрермендерге «Досым» (2023) деректі фильмі мен 1999 жылы экранға шыққан «Фара» көркем фильмі көрсетілді.
Алматыда танымал актер Фархат Әбдірайымовты еске алу кеші өтті
2023 жылғы 22 қаңтар, 14:12
Алматыда танымал актер Фархат Әбдірайымовты еске алу кеші өтті
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Алматыда белгілі кино актері Фархат Әбдірайымовтың туған күніне орай еске алу кеші өтті. Тірі болса 21 қаңтарда 57 жасқа толар еді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
«Біз бірге өстік, әкелеріміз жақсы дос болды. Бірақ, менің әкем өмірден әлдеқайда ертерек кетті, Фархат екеуміздің жасымызда айтарлықтай ерекшелік жоқ болса да, ол әкемнің орнын басты, үнемі жанымда болды, ерекше көңіл бөлді, көмектесті. Оның менің өмірімдегі маңызды адам болғанын енді ғана түсіне бастадым. Фархат өзі білетіндердің барлығына дерлік көмектесетін, мейірімді адам болатын. Біз оны қатты сағындық. Мен оның қайтыс болғаны туралы хабарды өте ауыр қабылдадым, бұл мен үшін ауыр соққы болды. Әлі де бір жерде түсірілімде жүрген сияқты», - дейді Фархат Әбдірайымовтың жақын досы, продюсер Арман Әсенов.