USD
USD
USD

Алматыда тағы 1678 адам ұсталды

Алматы комендатурасының ақпарат орталығы қаладағы бүгінгі жағдай туралы мағлұмат берді. 

Алматыда тағы 1678 адам ұсталды
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Комендатура мәліметінше, Алатау және Медеу аудандарының аумағында лаңкестерден тазарту жұмыстары жүргізілді.

«Лаңкестік, тонау және басқа да қылмыстардың 1678 қатысушысы ұсталды. Заңсыз айналымнан 36 бірлік атыс қаруы мен 1 476 оқ-дәрі тәркіленді. Алматының шетінде орналасқан 5 блок- бекетте 38 адам ұсталды. «102» пультіне 881 хабарлама келіп түсті. Комендатураның Колл-центріне азаматтардан жедел әрекет етуді талап ететін 136 дабыл түсті. Барлық хабарлама өнделді»,- деді Алматы қаласының коменданты Қанат Таймерденов.

Сонымен қатар, ол тұрғындарды коменданттық сағатты бұзбауға шақырды.

« Мен Алматы қаласының коменданты ретінде азаматтарға үндеу жолдаймын. Араңдатушыларға ермей тек ресми деректерден алынған ақпараттарды қолданыңыздар. Заң талаптарын қатаң сақтап, қолданылып жатқан шараларға түсіністікпен қарауларыңызды сұраймын», - деді ол.

Қазір оқып жатыр

«Шетелдік жабдықты отандық өнім ретінде өткізген»: OrdaMed басшысы Грузиядан Қазақстанға жеткізілді

Күдіктіні экстрадициялау сәті

100 млн теңге пара алғаны үшін бұрынғы шенеунік сотталды

Парақор шенеунік

Маңғыстаудағы сарбаздар қазасы бойынша 300-ден астам адамнан жауап алынды – Бас прокуратура

Әскерилер өлімі

Қостанайда қарт кісіні өлтірді деген күдікпен жасөспірім ұсталды

Күдікті пен полицей