USD
USD
USD

Алматыда су болмайды

Алматы қаласының Медеу, Түрксіб, Жетісу ауданына қарасты бірқатар тұрғын үйлер мен өзге де ғимараттар суық судан ажыратылады. Бұл туралы «Алматы су» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны мәлім етті.

Алматыда су болмайды
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. «26 тамыз күні таңғы сағат 9:00-ден кешкі 20:00-ге дейін Медеу ауданындағы Ахундов, Бейімбет, Бестужев, Блок, Гурилев, Қабілов, Қаратал, Клубная, Лисаковский, Менделеев, Набережный, Погодин, Полетаев, Рубцовский, Сазанов, Сарыбай, Сырдария, Таиров,Тәттібеков, Титов, Тюленина, Үштөбе, Халиулина, Чаплина, Щучинск, Екібастұз көшелерінде орналасқан тұрғын үйлер мен басқа да нысандар суық судан ажыратылады», – деп хабарлайды «Алматы су».

Сонымен қатар, 27 тамыз күні Түрксіб ауданында орналасқан «Атырау–1», «Нұршашқан» шағынауданы, әуежай маңындағы үйлер мен Алматы облысына қарасты Бесағаш ауылында суық су болмайды. «27 тамызда сағат 9:00-ден 20:00-ге дейін Жетісу ауданында орналасқан «Айнабұлақ-4» ықшамауданың № 166, №194б тұрғын үйі мен әкімшілік ғимараттарға суық су беру шектеледі»,– делінген хабарламада. Әлеуметтік нысандарға су тапсырыс бойынша сырттан жеткізілетін болады.

Қазір оқып жатыр

Маңғыстау облысында тағы бір әскери қызметші қаза тапқаны рас па?

сот үкімі

Үндістанда кәмелетке толмаған спортшының арызынан кейін қазақстандық жаттықтырушы іздестірілуде

Мақсат Аязбаев

«Әрбір сарбаз өзін қауіпсіз сезінуі керек»: Қорғаныс министрлігінің жаңа басшысы алғашқы кеңесте не айтты?

Қорғаныс министрі Айдос Мырзахметов

TikTok-та қаза болған сарбаздар туралы жағымсыз пікір айтқан жігіт 10 тәулікке қамалды

Нұрахмет Бердібай