USD
USD
USD

Алматыда студенттерге арналған тігін орталығы ашылды

Бүгін тігін саласының құзыреттілік орталығы ашылды. Онда студенттер тігін ісі бойынша тәжірибеден өте алады, деп хабарлады Алматы әкімдігі. 

Алматыда студенттерге арналған тігін орталығы ашылды
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Нысан заманауи цифрлық тігін машиналарымен және басқа да инновациялық жабдықтармен жабдықталған. Мұнда алты шеберхана мен бес оқу аудиториясы бар. Жобалық қуаты 75 орынға есептелген.

Орталықта мүмкіндіктері шектеулі студенттер де оқи алады.

«Алматы қаласын дамытудың 2025 жылға дейінгі бағдарламасының жол картасы шеңберінде құзіреттілік орталықтарының ашылуы ТжКБ ұйымдарында баса назар аударылып отырған жұмысшы мамандықтарының арттыруға мүмкіндік береді», - деді Алматы әкімі орынбасары Әсем Нүсіпова.

Қалада мемлекеттік колледждер базасында барлығы үш құзыреттілік орталығы жұмыс істейді. Биыл тағы төрт құзырет орталығы ашылады. Мамандығы басқа болса да, студенттер осы жерде тәжірибеден өте алады.

Қазір оқып жатыр

Трамптың ұлы мен мен Кремльге жақын кәсіпкер Қазақстанда кездесіп, іскерлік келіссөз жүргізген болуы мүмкін – БАҚ

Умар Кремлев, кіші Трамп

Face ID жүйесіне қарсы шыққандарды полиция алып кеткен: басқарма не дейді?

Face ID

Тоқаевтың кітабы әлеуметтік желілерде қызу талқы тудырды: қазақстандықтар не дейді?

Кітап

Жетісу облысында оқушы қызды экскаватор қағып кетті

Эксковатор дөңгелегі