Алматыда сотталғандарды тексеру айлығы басталды
2020 жылдың 15-25 маусым аралығында 18.08.2014 жылғы ІІМ № 517 бұйрығымен бекітілген «Пробация қызметінің есебінде тұрған тұлғалардың жүріс-тұрысын бақылауға байланысты, пробация қызметі мен полиция бөлімшесі бірлесіп атқаратын іс-шараларын бекіту туралы» нұсқаулығына сәйкес іс-шаралар жүзеге асады.
Алматы, NEGE. Алматы қаласы бойынша қылмыстық-атқару жүйесі Департаментінің Наурызбай аудандық пробация қызметі бөлімі мен Алматы қаласы Наурызбай аудандық жергілікті полиция инспекторлары бірлесе отырып, сотталғандардың мекен-жайын тексеруді жүргізуде.«Условник» атты республикалық профилактикалық іс-шара барысында Алматы қаласы Наурызбай ауданы пробация қызметі бөлімінің есебінде тұрған бас бостандығынан айырудан басқа жазаға сотталғандардың мекен-жайлары тәуліктің түнгі уақытында да тексеріледі. Аталған іс-шараның мақсаты – қайта қылмыс жасаудың алдын алу және әкімшілік құқық бұзушылықтарға жол бермеу. Сондай-ақ, есепте тұрған тұлғалармен, жазаны өтеу тәртібі мен шарттарының орындалуын инспекторлар қадағалауда ұстап, сотталғандардың өзімен және жақын туыстарымен сұхбат жүргізуде. Оларға Қазақстан Республикасының Қылмыстық Кодексінің 43,44,63,74 баптарында көрсетілген жаза өтеу тәртібі мен шарттары жіті түсіндірілуде.
«Условник» шарасы барысында есепте тұрған екі сотталған азаматтың жаза өтеу тәртібі мен шарттарын бұзғаны анықталды, оларға қатысты құжаттар жиынтығы, пробациялық бақылау мерзімін ұзарту туралы ұсыныспен, Алматы қаласы Наурызбай аудандық сотына жолданады.
А. Накыпбеков, Алматы қаласы Наурызбай ауданы
пробация қызметі бөлімінің бастығыәділет майоры