USD
USD
USD

Алматыда соққыға жығылған жігіттің туыстары оқиға куәгерлерін іздеп жатыр

Алматыда белгісіз біреулер жас жігітті аяусыз ұрып кеткен. Оның туыстары куәгерлерді іздеп жатыр.

Алматыда соққыға жығылған жігіттің туыстары оқиға куәгерлерін іздеп жатыр
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Соққыға жығылған жігіттің туыстары оқиғаның видеосын әлеуметтік желіде жариялады.

«Оқиға 5 желтоқсанда кешкі сағат 21: 00-де Алатау «Алмалы» тұрғын үй кешенінің ауласында болған. 43 жастағы ер адам 27 жастағы інімді ұрды. Алдымен олар көлік тұрағында жанжалдасқан, кейін ер адам бауырымды ойын алаңына апарып, аяусыз соққыға жыққан. Ол есінен танып қалған. Ер адам жалғыз болмаған. Қазір бауырымның жағдайы ауыр. Дәрігерлер бас сүйегі сынғанын, ми контузиясын растады. Куәгерлер іздейміз», - делінген хабарламада.

Алматы қалалық полиция департаментінің мәліметінше, бұл оқиға 5 желтоқсан күні «Ақбұлақ» шағын ауданында болған.

«Аталған дерек ҚР Қылмыстық кодекстің 106-бабы «Денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіру» бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізілімінде тіркелген. Бұл қылмысты ашу, оның мән-жайын анықтау және кінәліні жауапкершілікке тарту мақсатында Алатау аудандық ПБ жанындағы полиция бөлімінде арнайы жедел тергеу тобы құрылды», - деп хабарлады полициядан.

Қазір оқып жатыр

Face ID жүйесіне қарсы шыққандарды полиция алып кеткен: басқарма не дейді?

Face ID

Тоқаевтың кітабы әлеуметтік желілерде қызу талқы тудырды: қазақстандықтар не дейді?

Кітап

Жетісу облысында оқушы қызды экскаватор қағып кетті

Эксковатор дөңгелегі

«Қолында суық қару болды»: Қостанайда футболшыға шабуыл жасалды

Пап-Алиун Ндиайе