Алматыда шағын және орта бизнесті несиелеу 59,6%-ға өсті

Алматы экономикасын әртараптандыру үшін өңдеу өнеркәсібін дамытуға баса назар аударылатын болады. Бұл ретте заманауи экологиялық және кешенді технологиялар пайдаланылатын болады. Бұл туралы ОКҚ брифингінде Алматы әкімі Ерболат Досаев айтты, деп хабарлады Алматы әкімдігі.
Алматы, NEGE. Биылғы жылдың басынан бері 783 жоба қолдау тапты,оның 3 мыңы басым бағыттар бойынша жоспарланған. Факторингтік мәмілелерді қаржыландыру үшін "Даму" қорымен бірлесіп қосымша 3 млрд. теңге бөлінді. ШОБ бизнесті несиелеу 59,6% - ға, ал белсенді бизнес субъектілерінің саны 38,6% - ға өсті", - деді ол.
Бұдан басқа, қазіргі уақытта Алматының индустриялық аймағында 344 млрд. теңгеге 9,7 мың жұмыс орнын құрумен 19 жоба іске асырылуда. Биыл 14 жоба пайдалануға беріледі.
Қала басшысы Ерболат Досаев атап өткендей, биылғы жылдың қорытындысы бойынша басым салалардың қала экономикасына қосқан үлесі 23,4% - ға дейін артады.
Айтуынша, 2023 жылдың 5 айында өнеркәсіптік өндіріс 14,1%-ға, көтерме сауда 19,5%-ға, жұмыс істейтін ШОБ субъектілерінің саны 32,3%-ға, салық түсімдері 44,4%-ға өсті.
Жалпы, Алматының 2025 жылға дейінгі даму жоспары қалада өмір сүруге, бизнеске және туризмге қолайлы жағдай жасауды көздейді.
Шағын және орта бизнес – елдің экономикалық драйверінің бірі. Дамыған елдер шағын бизнес дамыған сайын халықтың әлеуметтік-экономикалық жағдайы жақсаратынын әлдеқашан түсінген. Сол себепті, шағын және орта бизнестің өркендеуіне, халықтың кәсіпкерлікпен шұғылдануына көп көңіл бөледі.