USD
USD
USD

Алматыда шетел азаматтары заңсыз такси жүргізушісі болып жұмыс істеген

Алматыда шетел азаматтары заңсыз жеке тасымалдаумен айналысып жүрген, деп хабарлайды Polisia.kz.

Алматыда шетел азаматтары заңсыз такси жүргізушісі болып жұмыс істеген
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Полиция қызметкерлері олардың бірін Алматының Түрксіб ауданындағы Сейфуллин даңғылы бойында ұстады.

– 26 жастағы Х. есімді Әзірбайжан азаматының жолаушылар тасымалымен заңсыз айналысқаны белгілі болды. Ал Жетісу ауданының тәртіп сақшылары интернет қосымшасы арқылы жеке такси жүргізушісі болып жұмыс істеп жүрген Өзбекстанның 45 жастағы азаматын анықтады. Екі шетелдіктің де әрекетінен ҚР ӘҚБтК-нің 517-бабы 5-бөлігімен және ҚР ӘҚБтК-нің 519-бабы 1-бөлігімен көзделген құқық бұзушылық белгілері анықталды. Іс-материалдары шешім қабылдау үшін Алматы қаласы бойынша мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотына жолданды, – деді Алматы қалалық ПД көші-қон қызметі басқармасының бастығы Асхат Бутунчинов.

Полиция, 2-8 қазан аралығында қалада “Заңсыз келуші” республикалық жедел алдын алу іс-шарасы өтіп жатқанын еске салды. Мақсат – заңсыз жүрген шетелдіктерді анықтау, сондай-ақ заңсыз көші-қон арналарының жолын кесу.

Қазір оқып жатыр

Көкшетауда бір ай бұрын әріптесінің мәйітін тапқан сот қызметкерінің өзі өлі табылды

Жол апаты

Семейде сот ғимаратының алдында өзін өртеген ер адам көз жұмды

Абай облысы соты

Атырау облысында ірі қара мал қырылып жатыр: шаруалар дабыл қақты

Ірі қара қырылуы

Қостанайда 5 жасар баланы өлтірді деген күдікпен ер адам ұсталды

Бала