USD
USD
USD

Алматыда шетел азаматы қалта ұрлығын жасап жүрген

Алматыда Қырғызстан азаматы жаңа жыл алдындағы әбігерді пайдаланып қалта ұрлығын жасап жүрген, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Алматыда шетел азаматы қалта ұрлығын жасап жүрген
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Бұл туралы Алмалы аудандық полиция басқармасы хабарлады. Аталған бөлімшенің жедел қызметкерлері өткен күні тәжірибелі “қалта ұрысын” ұстады.

– Сауда үйлері мен супермаркеттерде 34 жастағы К.есімді азамат ұрлық жасап жүрген. Біздің ауданда бар болғаны екі күннің ішінде қаскөй алты рет бөтеннің мүлкін ұрлаған. Ол негізінен ұялы телефондарды ұрлаған, оларды әдетте, ұзақ уақыт бойы сөрелерден қарап жүретін әйелдерден ғана жымқырған. Осы кезде жеңіл ақшаны ұнататын жігіт, күртешелерінің қалтасынан білдірмей гаджеттерін шығарып алып, жасырынып қалған. Айыпталушы қазір қамауда отыр.

Оның жеке басын басқа да ұрлыққа қатысы бар-жоғына тексеріп жатырмыз – ол қаланың басқа да жерлерінде ұрлық жасап жүрген болуы мүмкін, – деді Алмалы аудандық Полиция басқармасының бастығы Есен Ысқақов.

Қазір оқып жатыр

Екі экс-министрдің арызынан кейін Гүлнар Бажкеноваға айыппұл салынды

Гульнара Бажкенова

«Әділет» партиясы Қазақстанның барлық өңіріндегі филиал басшыларын жасақтады

"Әділет" партиясы

Атырау облысында жеті әкім қоқыс үйіндісі үшін жауапқа тартылды

әкімшілік жаза

Түркістанда жол апатынан полиция капитаны көз жұмды

Бауыржан Қонысбеков