USD
USD
USD

Алматыда шамамен 45 мың тест алынды

Алматы қаласының әкімі Бақытжан Сағынтаевтың тапсырмасы бойынша шаһар басшысының орынбасары Ержан Бабақұмаров бейне-конференц-байланыс режимінде Алматының алты ірі зертханасының басшылығымен жұмыс кеңесін өткізді.

Алматыда шамамен 45 мың тест алынды
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Бұл – COVID-19-ға тест алатын Алматының алты ірі зертханалары. Олар Ұлттық сараптама орталығы, санитарлық-эпидемиологиялық сараптама және мониторинг ғылыми-практикалық орталығы, М. Айқымбаев атындағы қазақ аса қауіпті инфекциялар ұлттық ғылыми орталығы, Орталық референс-зертхана, сондай-ақ Қазақстан-Корей клиникасы мен «Олимп» КДЗ. Бұдан өзге мегаполис тұрғындары үшін тестілеудің қолжетімділігін, көрсетілетін қызметтердің сапасы мен жеделдігін, оның ішінде нәтижелерді ұсыну тәртібі мен мерзімдерін одан әрі арттыру мәселелері талқыланды. Қала әкімінің орынбасары зерттеу материалын алумен айналысатын медициналық бригадалардың еңбек қауіпсіздігін қамтамасыз ету керектігін ерекше атап өтті. Сонымен бірге, Тауарлар мен қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаменті және зертханалардың ақпараттық жүйелер интеграциясы арасында жұмысты өзара үйлестіруді күшейту міндеттерін белгіледі.

«Біздің міндетіміз – тестілеу арқылы инфекцияның жасырын ошақтарын жедел және дер кезінде анықтау, оларды уақытылы оқшаулап, қаладағы эпидемиологиялық ахуалдың жағдайын одан әрі бақылауды қамтамасыз ету», – деген Ержан Бабақұмаров мемлекеттік және мемлекеттік емес зертханаларға қаламен бірлесіп жасап жатқан жұмыстары үшін алғысын білдірді.

Бүгінде Алматыда шамамен 45 мың тест алынды. Солардың ішінде 29 мыңы ПЦР тест және 16 мыңы экпресс-тесттер.

Қазір оқып жатыр

«Есіктен есікке дейін»: өңірлерде «Әділет» партиясының сайлауалды акциясы өтіп жатыр

.

Никол Пашинян үкіметтің отставкасы туралы өтінішке қол қойды

Никол Пашинян

Алматыда жасөспірім қыз есірткі таратты деген күдікпен ұсталды

.

Тоғыз күнде 1500 шақырым: «Әділетті Қазақстан үшін» керуенінің аралық қорытындысы қандай?

.