USD
USD
USD

Алматыда шахматтан өткен әлем чемпионатының жеңімпаздары кімдер?

Чемпионаттың салтанатты жабылу рәсіміне ФИДЕ атқарушы директоры Виорел Бологан, Алматы әкімі Ерболат Досаев, Қазақстан шахмат федерациясының президенті Ғалым Құсайынов қатысты, деп хабарлады BAQ.KZ.

Алматыда шахматтан өткен әлем чемпионатының жеңімпаздары кімдер?
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE.Рапидтан алтын медальді қазіргі әлем чемпионы Магнус Карлсен жеңіп алды. Екінші орынды неміс шахматшысы Винсент Кеймер иеленді, ал қоланы АҚШ ойыншысы Фабиано Каруана қанағат тұтты.

Әйелдер арасында рапидтен күміс медальді Динара Сәдуақасова жеңіп алды. Қытайдан келген Тань Чжуньи әлем чемпионы атанды, үндістаннандық шахматшы Шри Савита үшінші орынға табан тіреді. Қазақстандық шахматшы Жансая Әбдімәлік рапид бойынша үздік бестікке кірді.

Блиц бойынша Магнус Карлсен (Норвегия) чемпион атанды. Күмісті Фабиано Каруана (АҚШ) алды. Қоланы Хаик Мартиросян (Армения) еншіледі.

Блиц бойынша әйелдер арасында 1-орынды қазақстандық Бибісара Асаубаева иеленіп, чемпиондығын қорғап қалды. Ол 2021 жылы ол Варшавада өткен әлем чемионатында да жеңіске жеткен болатын. Екінші орынды Хампи Конера (Үндістан) иеленсе, ал 3-орынды Полина Шувалова (ФИДЕ) місе тұтты.

Қазір оқып жатыр

«Біз мұнда отбасымызбен демаламыз»: Алматы облысында 12 мыңға жуық адам сенбілік өткізді

.

Тоқаев Лукашенко мен Путинге қазақстандықты босатуға көмектескені үшін алғыс айтты

Қасым-Жомарт Тоқаев

Түркістан облысында екі көпірді су шайып кетті

.

Алматыда жаппай төбелес кезінде екі оқушы көз жұмды

жаппай тобелес