USD
USD
USD

Алматыда шахматтан Азия құрлықтық чемпионаты өтті

Классикалық шахматтағы «Азияның шахмат королі» атағы өзбекстандық гроссмейстер Шамсиддин Вохидовқа бұйырды.

Алматыда шахматтан Азия құрлықтық чемпионаты өтті
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Күмісті ирандық гроссмейстер Бардия Данешвар алса, ал қола жүлдені қазақстандық шахматшы Әлішер Сүлейменов місе тұтты. Ашық блиц-турнирде немесе жылдам шахматта FIDE шебері, Семейден келген 20 жастағы Арыстан Исанжулов чемпион атанды.

Екінші орынды үндістандық шахматшы Венкатеша Пранава иеленді. Үшінші орынды отандасымыз Денис Махнев қанжығасына байлады.

Әйелдер арасында қазақстандық шахматшы, FIDE халықаралық шебері, 18 жастағы Ксения Балабаева алтыннан алқа тақты. Күміс медальға Үндістан шахматшысы Дивье Дешмух ие болса, үздік үштікті моңғол шахматшысы Турмунхийн Мунхзул түйіндеді.

Чемпионат 3-11 маусым аралығында өтіп, Қазақстан, Қытай, Үндістан, Иран, Филиппин, Шри-Ланка, БАӘ және Сингапур сынды Азияның 18 елінен 128 ойыншы өзара бақ сынасты.

Қазір оқып жатыр

«Ұмай» ипотекасына бөлінген 20 млрд теңгенің лимиті бір күнде таусылды

Пәтер кілті

«Қазпоштаны» табысқа шығарған Әсел Жанасова көлік министрі болып тағайындалды

Әсел Жанасова

Нұрлан Сауранбаев көлік министрі қызметінен босатылды

Нұрлан Сауранбаев

Алматыда автобустар саны азайды: тұрғындар әкімдікке шағымдануда

Қоғамдық көлік