USD
USD
USD

Алматыда «Сергек» кешені көбейеді

Биыл Алматыда «Сергектің» қосымша 360-тан астам посты орнатылады. Бұл жайында қала әкімі Бақытжан Сағынтаев мәлімдеді.

Алматыда «Сергек» кешені көбейеді
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. «Қалада жаңа жылдан бастап аппаратты-бағдарламалы «Сергек» кешенінің 400 постысы жұмыс жасай бастады. Алғашқы 22 күн ішінде 4,5 мыңнан астам жол қозғалысы ережесінің бұзылғанын тіркеді. Нәтижесінде осы күндер ішінде жол көлік оқиғасы 11,6%-ға төмендеген», – деп жазды қала әкімі Instagram -дағы парақшасында.

Жалпы, өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда қалада қылмыс 38%-ға қысқарған. Қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету бойынша жұмыстар одан әрі жалғасады, оның ішінде жолдар мен қалалықтар көп жиналатын жерлерде видеобақылау мониторингі жүйесі кеңінен қолданылатын болады.

«Биыл «Сергектің» қосымша 360-тан астам постысын орнатуды жоспарлаудамыз. Әр жыл сайын қоғамдық тәртіптің бұзылуын қадағалайтын автоматты видеобақылау жүйесінің үлесі артатын болады», – деп жазды қала әкімі.

Қазір оқып жатыр

Премьер-министр түнде тұрғындардың тыныштығын бұзатын көлік иелерін қамауға алуды тапсырды

Мотоцикл

Бектенов бірқатар өңірде жылу желілерін жөндеу жұмыстары толық аяқталмағанын сынға алды

Үкімет отырысы

Сапасыз қасбет тақталары үшін жеткізушіден 43,5 млн теңге өндірілді

Құрылыс компаниялары

Алматы тауларында ақырған аю даусынан қорыққан туристер құтқарушыларды шақырды

Аю