USD
USD
USD

Алматыда «Сергек» арқылы 4,5 млрд теңге айыппұл салынған

Алматыдағы «Сергек» камералары он айдың ішінде 4,5 млрд теңгенің заңбұзушылығын тіркеді. Бұл туралы Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаев Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат

Алматыда «Сергек» арқылы 4,5 млрд теңге айыппұл салынған
Фото: NEGE.kz

.

Алматы. NEGE. Бақытжан Сағынтаевтың айтуынша, Алматыда жыл басынан бері 404 «Сергек» аппараттық-бағдарламалық кешені іске қосылды, оның 21-і Алматыға кіріп-шығатын жолдарға орнатылған. «Сергек» камералары 10 айдың ішінде 650 мыңнан астам жол ережесін бұзу фактісін тіркеді. 4,5 млрд теңгеге айыппұл салынды оның 2,6 млрд немесе 57,7% өндірілді. Сондай-ақ, модульдік полиция пунктілерін орнату жобасы өзін ақтады. Бұған дәлел — пунктілер орналасқан аудандардағы қылмыс деңгейінің төмендеуі. Сонымен қатар, бұл туралы жергілікті тұрғындар да айтып жүр»,– дейді Бақытжан Сағынтаев. Қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге күнделікті 2 мыңнан астам полиция қызметкері мен ҚР ІІМ Ұлттық гвардиясының әскери қызметкерлері жұмылдырылады. Олар 550 бағыт бойынша жұмыс істейді, оның ішінде 300 көлік және 250 жаяу бағыт бар.

Қазір оқып жатыр

Тағдыр тауқыметін тартқан жүз әйел көлік жүргізуді тегін үйреніп шықты

Көлік апаты

«Қазатомөнеркәсіп» акциялары 4%-дан астам құлады: сарапшылар не дейді?

Қазатомөнеркәсіп

«Ғаламат ғасыр» жұлдызы мен Түркияның өзге де танымал тұлғалары есірткі ісі бойынша ұсталды

Дениз Чакыр

«Таңғы 7:00-де жұмысқа келсін»: Қырғыз депутаты Бішкектегі кептелісті азайтудың жолын ұсынды

уақыт