USD
USD
USD

Алматыда Сейфуллин даңғылындағы көпірдің бұрынғы келбеті сақталады

Сейфуллин даңғылындағы көпірдің бұрынғы келбеті сақталады, деп хабарлады Алматы әкімдігі.

Алматыда Сейфуллин даңғылындағы көпірдің бұрынғы келбеті сақталады
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Үлкен Алматы каналындағы көпір 40 жыл бойы жөнделмеген. Онда жүру қауіпті: плиталар сынған, тіпті жүргіншінің басына тас құлауы мүмкін екендігі айтылды.

«Бұл көпір өткен ғасырдың 80-ші жылдарында салынған. Тұрғындар бірнеше рет осы құрылымды назарда ұстауды сұрады, өйткені ұзақ жыл бойы эстетикалық жағынан өзінің келбетін жоғалтумен қатар, жүргіншілер үшін қауіпті. Баспалдақтары ескірген, сыртқы жағы жөндеуді қажет етті», - деді Түрксіб ауданының әкімі Бақытжан Ақжаров баспасөз туры кезінде. 

Қалалық ұтқырлық басқармасының басшысы Сағындық Телібаев жұмыстар кешенді түрде жүргізіліп жатқанын атап өтті. Жөндеу жұмыстары Сейфуллин даңғылында, атап айтқанда көпірде жүргізіліп отыр. 

Әлеуметтік желілерде желдей ескен жалған ақпаратқа қарамастан, Үлкен Алматы каналының өткелі тарихи келбеті сақталады. 

«Кеңес дәуіріндегі рельефті плиталар өз орындарына қойылады. Біз тек жол жағындағыларды ғана өзгертеміз. Олардың беті бастапқыда тегіс болатын», - деді Сағындық Телібаев.

Жөндеу кезінде пайланатылатын плиталар мен слэбтер сынақтан өткен әрі қауіпсіздік талаптарына сай.

Қазір оқып жатыр

Қытай мен Непал шекарасында жоғалып кеткен қазақстандықтардан әлі хабар жоқ – СІМ

су тасқыны

Ақмола облысында істің қаралуын созбалаңға салған әкімге жаза тағайындалды

ақша

Вячеслав Ким Alatau City-де көпфункционалды хабты іске қосты

Вячеслав Ким

Тоқаев Орта дәліз арқылы Кореядан Еуропаға өтетін көлік бағытын дамытуды ұсынды

Бірінші «Орталық Азия – Корея Республикасы» саммиті