USD
USD
USD

Алматыда Сейфуллин даңғылы уақытша жабылады

Жол жөндеу жұмыстарына байланысты 1 қыркүйек пен 3 қыркүйек аралығында Сейфуллин даңғылының кейбір бөлігі уақытша жабылады. Қалалық мобилділік басқармасы тұрғындарды бағытты алдын ала жоспарлауға шақырды.

Алматыда Сейфуллин даңғылы уақытша жабылады
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Басқарманың хабарлауынша, Сейфуллин даңғылында жол жөндеу жұмыстарының жүргізілуіне байланысты 31 тамыз сағат 23:00 мен 1 қыркүйек сағат 7:00 аралығында Сәтбаев көшесінен Құрманғазы көшесіне дейінгі бөлігінде; 1 қыркүйек сағат 23:00 мен 2 қыркүйек сағат 07:00 Құрманғазы көшесінен Қабанбай Батыр көшесіне дейінгі бөлігінде; сондай-ақ 2 қыркүйек сағат 23:00 мен 3 қыркүйек сағат 07:00 аралығында Қабанбай батыр көшесінен Бөгенбай батыр көшесіне дейінгі бөлігінде көлік қозғалысы толық шектеледі.

"Бұл жұмыстар орташа жол жөндеу жұмыстары аясында жоспарланған", - деді Алматы қалалық мобилділік басқармасы.

Алматы қалалық мобилділік басқармасы қала тұрғындарынан қолайсыздық үшін кешірім өтініп, жол жүру бағытын алдын ала жоспарлауды сұрады.

Қазір оқып жатыр

Шымкентте қос мереке: «Ордабасы» ел чемпионы әрі кубок иегері атанды

Ордабасы

Әзілкеш Данияр Жұмәділов «Ерен еңбегі үшін» медалімен марапатталды

daniyar_dzhumadilov/Instagram

Меладзенің Алматыдағы концертінде шу шығарған әйелдер жазаланды

.

Семейде жүріп бара жатқан жолаушылар автобусы өртенді

өрт