USD
USD
USD

Алматыда сегіз медицина қызметкері коронавирусқа шалдықты

Егер олардың вирусты жұмыста жұқтырғаны дәлелденсе, төлем беру мәселесі сол мекеме немесе жергілікті әкімдік күшімен шешілмек.

Алматыда сегіз медицина қызметкері коронавирусқа шалдықты
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Алматыда 2020 жылдың қарашасынан бері сегіз медицина қызметкері коронавирус инфекциясын жұқтырды. Бұл туралы брифинг барысында Алматы қаласы қоғамдық денсаулық басқармасының басшысы Нариман Табынбаев мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Алматының бас дәрігері еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі мен денсаулық сақтау министрлігінің бұйрығымен қарашадан бастап инфекция жұқтырған медицина қызметкерлеріне әлеуметтік төлем беру тоқтатылғанын айтып өтті.

«Қарашадан бері сегіз медицина қызметкерінің ауырғаны белгілі болды. Сегізі де қазір тексеріліп жатыр. Кейінгі екі жағдай кардиология орталығынан анықталды. Бұйрық шыққанына қарамастан, инфекция жұқтырғандар есепке алынып, жеке-жеке талқыланып жатыр. Егер олардың жұмыста жұқтырғаны дәлелденсе, бұл сұрақты сол мекеме немесе жергілікті әкімдік күшімен шешеміз деп отырмыз», – деді Табынбаев.

Айтуынша, сегіз медицина қызметкерінің бәрі коронавирус инфекциясын жұқтырды, арасында пневмонияға шалдыққандар жоқ

Қазір оқып жатыр

СІМ қазақстандықтарды елге қайтару үшін Ресеймен келіссөз жүргізіп жатыр

СІМ

Қазақстан он матч бойы сырт алаңда жеңбеген Молдоваға есе жіберді

Ұлттық құрама

Air Astana Алматы–Токио бағытында тіке әуе рейсін ашады

Ұшақ

Жалақы кешіктірілсе, жұмыс берушіден ақшаны өсімпұлмен қалай өндіруге болады?

Тиын мен әмиян