USD
USD
USD

Алматыда саяси қуғын-сүргін мен ашаршылық құрбандарын еске алды

Алматы әкімі Ерболат Досаев саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күні 1931-33 жылдардағы ашаршылық құрбандарына арналған ескерткішке гүл шоқтарын қоюға қатысты.

Алматыда саяси қуғын-сүргін мен ашаршылық құрбандарын еске алды
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Қарағайлы скверінде өткен іс-шараға қоғам қайраткерлері, қуғын-сүргінге ұшырағандардың туыстары мен жақындары, жастар ұйымдарының өкілдері және т.б. келді. Жиналысқа қатысушылар қуғын-сүргінге ұшырағандарды бір минут үнсіздікпен еске алып, мемориалға гүл шоқтарын қойды.

Жиналғандар қазіргі таңда тарихтың ақтаңдақ беттерін ұмытпау, Қазақстанның азаттығы үшін жанын қиғандарды айтып, олардың ұлықтаудың маңызды екенін атады.

Түрлі дерек бойынша өткен ғасырдың 30-шы жылдарының басында 3 млн-ға жуық қазақстандық жаппай ашаршылықтың құрбаны болды, 100 мыңнан астам адам қуғын-сүргінге ұшырап, 25 мыңнан астам адам атылды.

Қазір оқып жатыр

Боранбаевтың бұрынғы фитнес орталығы 2,3 млрд теңгеге сатылды

кәсіпкер

Ақтөбедегі қайғылы оқиға: депутат әйелдердің қауіпсіздігіне қатысты пікір білдірді

Мәжіліс депутаты Жанарбек Әшімжанов

«20 жылдан бері террористпін»: Атырауда никаб киген екі әйелдің үстінен іс қозғалды

Видеодан үзінді/Ақ Жайық

«Ұмай» ипотекасына бөлінген 20 млрд теңгенің лимиті бір күнде таусылды

Пәтер кілті